Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?

Бүгiн, 16:45
323
Бөлісу:
Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Әлемдік саясатта Мемлекет басшыларының сапары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: мемлекеттік, ресми, жұмыс, бейресми (жеке). Бұл сапарлардың ішінде саяси аренадағы ең салмақтысы – мемлекеттік сапар. BAQ.KZ тілшісі аз-кем шолу жасап көрді.


Мемлекеттік сапар тиісті шет мемлекетпен қол жеткізілген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары саяси деңгейін көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Бір қызығы, мемлекеттік сапармен басқа елге шет мемлекеттің президенті бір өкілеттігі кезінде бір рет қана бара алады.

Мысалы, бүгін Владимир Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Астана әуежайында, “Жоғары мәртебелі, Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз” деген сәлемдесу мәтіні бар баннер орнатылып, көшелер Ресей туымен безендірілген. 

Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Ақорда

«Жоғары мәртебелі» деген баннер бұған дейін Астана төрінде Тәжікстан, Өзбекстан, Катар, Оңтүстік Корея секілді басқа да мемлекет басшылары елімізге келгенде ілінген болатын. 

Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Әлеуметтік желіден
Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Әлеуметтік желіден
Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Әлеуметтік желіден

Жазда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиньді де елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алған болатын.

Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Ақорда
Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Ақорда

Си Цзиньпин келгенде құрмет қарауылы сап түзеп, балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Сондай-ақ балалар Си Цзиньпин бастаған Қытай делегациясы алдында қытай тілінде ән шырқады. Мәртебелі мейманның құрметіне ҚР Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туының түстеріндей қызыл және сары із қалдырып Ақорданың алдынан ұшып өтті.

Мемлекеттік сапардың мәртебесі қандай?
Әлеуметтік желіден

Мұндай жоғарғы мәртебелі құрмет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа да өзге елдерде көрсетіліп жүр. Мәселен, Белградқа барған сәтінде дәл осындай баннер Қазақ елінің мәртебесі үшін орнатылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы