Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттік қызметшілерге ЖИ бойынша курстан өту міндеттелуі мүмкін

Бүгiн, 19:00
113
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына міндетті түрде оқытуға көшу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, уақыт өте келе мұндай курстардан өту мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің шартына айналуы мүмкін. Бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, бюрократияны қысқартуға бағытталған.

Министр сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект дағдыларын үйрететін Qyzmet AI бағдарламасы қазірдің өзінде 50 мың адамды қамтығанын атап өтті.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер үшін жасанды интеллект бойынша курстар міндетті болады. Яғни адам жасанды интеллект курстарынан өтпесе немесе осы дағдыларды меңгермесе, мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Біз мұны дұрыс деп санаймыз, себебі мемлекеттік қызметіміз бәсекеге қабілетті, жоғары тиімді әрі өнімді болуы керек, бюрократиямен күресу үшін де бұл маңызды, – деді Жаслан Мәдиев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғашқы метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылғаны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы