Мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғалар кәсіпкерлікпен айналыса алады

Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғалар кәсіпкерлікпен айналыса алады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты болып отыр.

Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 13-бабын Конституцияның 26-бабының 4-тармағы мен 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп таныды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға қатысты шектеулер олардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі құқықтарын бұзатынын анықтады.

Осыған байланысты заң жобасында мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын лауазымды тұлғалар тобы нақтыланады. 

Енді бұл шектеулер облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды. 

Алайда егер бұл олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiрсе, қызметтiк мүлiктi пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырса, коммерциялық ұйымның қызметiне қатысуға, кәсiпкерлiк немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Өзгелердің жаңалығы