Мемлекеттік қызметшілерге байланысты кадр тапшылығы жоқ - БҚО әкімі

БҚО-да кадр тапшылығы сезіліп жатыр. Тіпті Ақжайық ауданы әкімсіз отыр. Кейбір аудандарға бұрынғы әкімдер қайта сайланып жатыр екен. Батыс Қазақстан облысында кадр мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарламалар мен жобалар әзірленіп жатыр ма? БАҚ өкілдері БҚО әкімі Нариман Төреғалиевке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 Қараша 2023 2023, 13:27
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив 14 Қараша 2023 2023, 13:27
14 Қараша 2023 2023, 13:27
695
Фото: - архив

БҚО-да кадр тапшылығы сезіліп жатыр. Тіпті Ақжайық ауданы әкімсіз отыр. Кейбір аудандарға бұрынғы әкімдер қайта сайланып жатыр екен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында кадр мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарламалар мен жобалар әзірленіп жатыр ма? БАҚ өкілдері БҚО әкімі Нариман Төреғалиевке сауал жолдады.

Батыс Қазақстан облысында кадр тапшылығы деген мемлекеттік қызметшілерге байланысты айтылған мәселе. Жалпы мемлекеттік қызметшілерге байланысты кадр тапшылығы жоқ деп айтуға болады. Ақжайық ауданына әкімнің тағайындалмауына байланысты маған да қойып жатыр. Осы жақын арада әкім тағайындалады,-деді облыс әкімі.

Наверх