Мемлекеттік қызметшілер тоқсан сайын емтихан тапсыратын болды

22 Ақпан 2023, 16:04
1912
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілер тоқсан сайын емтихан тапсыратын болды
Фото: Ортком

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, мемлекеттік қызметшілерді бағалау тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады. 

Осыған сәйкес, 2 тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алған қызметшілер лауазымынан төмендетіледі, бос лауазым болмаған жағдайда олар жұмыстан шығарылады, - деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол тестілеуді жүргізу талаптарындағы өзгерістерді атады. 

Белгілі болғандай, тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылған. Іріктеу конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады және  келесі кезеңдерді қамтиды:

1. жеке қасиеттерді бағалау. 

2. мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау. 

3. эссе жазу.

4. мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу. 

Жаңа іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы 1 наурызда басталады. Ол жыл соңына дейін бес мемлекеттік органда: екі әкімдік пен үш орталық мемлекеттік орган өтеді деп отыр, - деді Азамат Жолманов.

Өзгелердің жаңалығы