Мемлекеттік орталық музей ардагерлерді мерекемен құттықтады

8 Мамыр 2024, 21:14
535
Бөлісу:
Мемлекеттік орталық музей ардагерлерді мерекемен құттықтады
Фото: gov.kz

Жеңіс күніне орай ҚР Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласы Медеу ауданында еңбек ардагерлерінің қатысуымен жыл сайынғы «Жеңіс салтанаты» құттықтау акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұражай ұжымы ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет білдіріп, алғыс айтып, сыйлықтар табыс етті.

Іс-шараға қатысқан ардагерлердің қатарында жазушы, журналист «Берега памяти», «Премьер», «Реквием», «Память сердца» кітаптарының авторы, 6 жасынан бастап тылда еңбек етіп, кейін еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен Николай Колинко мен Николай Никанкин, шахматтан бірнеше дүркін чемпион Пану Әбдіқасова және 92 жастағы еңбек ардагерлері Вера Инфантьева, Нина Курликова, Эмма Чуракова бар.

Өзгелердің жаңалығы