Мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің жұмысында бірыңғай жүйе жоқ – Тоқаев

10 Шілде 2020, 13:18
1277
Бөлісу:
Мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің жұмысында бірыңғай жүйе жоқ – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі., Мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің жұмысында бірыңғай жүйе жоқ, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламалар аясында әкімдер мен министрлер жергілікті қамтудың 90% үлесі бойынша міндеттемелер алды. Осы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі 2,8 трлн теңге. Яғни, 2,5 трлн теңге біздің экономикамызға құйылуы тиіс, - деді президент.

Сондай-ақ ол өңірлік комиссиялардың жұмысын сынға алды. 
Ал іс жүзінде не? Мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің жұмысында жоспарлау, есеп беру және есепке алудың бірыңғай жүйесі жоқ, қатаң жауапкершілігі сақталмайды. Жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы көбінесе "есеп" үшін жүргізіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы