Мемлекеттік нысанның жұмысымен танысуға кез келген адам құқылы - вице-министр

2 Қараша 2023, 13:02
676
Бөлісу:
Мемлекеттік нысанның жұмысымен танысуға кез келген адам құқылы - вице-министр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифинг барысында журналист жеке бір тұлға, қоғамдық ұйым мүшелері мемлекеттік ұйымдардың жұмысымен таныса алама деген сауал қойды.

Мемлекеттік нысанның жұмысымен танысуға кез келген адам құқылы. Егер белгілі бір тұлға, қоғамдық ұйымдардың адамдары мемлекеттік ұйымдарды, мектеп, аурухана, балабақша сынды ұйымдарды тексеруді қаласа, ең алдымен, сол ұйымға хат жіберу керек. Нысанды тексергісі келетіні жайлы жазылу керек. Бұл жерде айта кетерлігі, сол ұйымдағы адам тексеруге, жұмыс барысымен танысуға келген адамға нысанды аралатып, қолайлы жағдай жасау қажет, – дейді вице-министр Данияр Қадыров.

Еске салсақ, вице-министр петициялардың қарастырылу тәртібін түсіндірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы