Мемлекеттік мекеменің басшысы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлаған

18 Тамыз 2023, 11:39
1946
Бөлісу:
Мемлекеттік мекеменің басшысы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлаған
Фото: BAQ.KZ - архив

Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.

Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.

Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы