Мемлекеттік мекемелер сатып алу бойынша заңнама талаптарын орындамайды

1 Ақпан 2020, 05:45
1639
Бөлісу:
Мемлекеттік мекемелер сатып алу бойынша заңнама талаптарын орындамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында мемлекеттік мекемелер әлі күнге дейін "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнама талаптарын орындамайды. Бұл туралы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ отырысында айтылды.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2019 жылы өңірдегі 89662 мемлекеттік сатып алуға  бақылау жүргізілген. Нәтижесінде департаментке 816 арыз-шағым келіп түскен, 377 факт тіркелген.  Ал  өткен жылы жемқорлыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 1097 әкімшілік хаттама толтырылды және 80 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Бұдан басқа жиында қала аумағындағы заңсыз және стандартқа сай келмейтін жол белгілері сөз болды.  Жүргізілген арнайы мониторингтің қорытындысы тыңдалды.
Біз үш мәселені анықтадық. Жол белгілері дұрыс, талапқа сай қойылмағаен. Және түсініксіз жол белгілері де бар.Жыл сайын әлемде 18 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алады екен.Оның ішінде 1,5 мың қазақстандық опат болады. Ал қалғандары түрлі дене-жарақатын алады.Бұл дегеніміз жүргізуші көлікті дұрыс басқармау, жол ережесін бұзудан туындап отырған мәселе, - деді арнайы мониторингтік топтың мүшесі Алексей Мирзоев.
 
Өзгелердің жаңалығы