Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы ҚР ОКҚ-да өткен өткен брифингте айтты.
2021 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдарымен 2.6 млрд теңге қарастырылған. Соның негізінде республика бойынша 25,6 мың баланы немесе еліміздегі 4-тен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 0.6 пайызын шығармашылық үйірмелермен қамту көзделген, - деді ол.
Оның айтуынша, жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көзі жыл сайын өсетін болады, соның негізінде шығармашылық үйірмелермен қамтылған балалардың саны да ұлғаятын болады.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру «Bala» ақапарттық жүйесінің artsport.edu.kz сайтында іске асырылатын болады. Бұл ақпараттық жүйе ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен edu.kz бірыңғай интеграцияланған білім беру платформасының негізінде әзірленген, - деді ол.
Нұрғиса Дәуешов атағандай, балалардың бос уақытын пайдалы және тиімді өткізуге, олардың шығармашылық өсуіне бағытталған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар түріндегі жаңа институт жұмысының нәтижесі бар.
Бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған мәдениет пен өнердің түрлі бағыты бойынша шығармашылық үйірмелер тегін жүргізіледі, жергілікті атқарушы органдарға шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыруға жол ашады, республика көлемінде шығармашылық үйірмелердің саны өседі, мемлекеттік мәдениет ұйымдарына шығармашылық үйірмелерді ашуға құқық беріледі, - деді вице-министр.