Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Informburo.kz порталының бас редакторы Михаил Дорофеев Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты.
Мәслихат пен әкімдіктер олардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу талаптарының тетіктерін орындауы керек. Онлайн көрсету туралы норманы ескермейді, әсіресе, мәслихат тарапынан. Ашық отырыстағы ақпарат жарияланбайды. Мәслихат сессиясына журналистерді сирек кіргізеді. Мәслихаттың өз баспасөз қызметі жоқ, оларға қызметті әкімдік жүзеге асырады. Мәслихат пен мәжіліс биліктің екі бөлек тармағы. Әкімдік мәжіліс депутатын ұйымдастырып, журналистің кіру не кірмеуін, қандай ақпаратты жариялау керегін шешпеуі керек, - деді ол.
Оның айтуынша, Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасының нормаларын бұзғаны үшін қатаң жазалау болуы керек.
Бүгінде норма бұзылып, шағым айтқан жағдай өте көп. Алайда оны бұзған үшін бірде-бір шенеуніктің жазалғанын көрмедік. Біздің ойымызша, осы мәселе бойынша комиссия тек қағаз жүзінде жұмыс істеп отырған сияқты. Себебі жағдай өзгермейді. Бұзушылық үшін жауапкершілік өте төмен. Осы мәселені шешу бойынша жұмыс тобы құрылды, - деді ол.
Дорофеев атап өткендей, мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ашық болуы керек.