Мемлекеттік қолдау Ақтөбе фермерлеріне мүмкіндік берді

12 Қыркүйек 2021, 20:30
1789
Бөлісу:
Мемлекеттік қолдау Ақтөбе фермерлеріне мүмкіндік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қолдау қаражаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал басын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Оның ішінде өткен жылы алғаш рет бөлінген шаруа қожалықтарының мал шаруашылығы үшін жем-шөп дайындауына субсидиялар бар. 

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин сенбі, 11 қыркүйек күні Қобда ауданына жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайымен танысты. 

"Сұңқар - 7" асыл тұқымды мал шаруашылығы қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіреді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерінің айтуынша, жыл сайын "Сұңқар - 7" басқа шаруашылықтарға 800 басқа дейін асыл тұқымды бұқаларды жалға береді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ағымдағы жылы қуаты кемінде 1000 бас асыл тұқымды ірі қара малды ет бағытында өсіру жөніндегі репродуктордың құрылысы басталған болатын. Құрылыс аяқталып қалды. 300 бас ІҚМ әкелінді. 

Мал шаруашылығымен айналысатын "Тамбай" шаруа қожалығы да белсенді дамып келеді. Бүгінде шаруашылықта 400-ден астам ірі қара мал және 200 бас жылқы бар, 4 500 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бар. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қазіргі уақытта 150 гектар жер тұрақты суару жүйелерімен жарақтандырылуда. Бұл дайындалатын азықтардың сапасы мен құнарлылығын арттыруға мүмкіндік береді.  

Біріншіден, жем-шөпке субсидиялар, екіншіден, суармалы жерлерді ұсыну -  бізге еркін тыныстауға, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Әрине, бұл малдың өсуіне әсер етті. Суармалы жерлерге құмай мен жоңышқа отырғызамыз, - деді ШҚ директоры Әсет Тілеуов. 

Ағымдағы жылы құмай себілген 150 гектар суармалы жер "Kobda Beef" шаруа қожалығына мал басын алты есеге арттыруға  мүмкіндік береді. Мұнда облыс әкімі 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылыс барысымен танысты. 

Суармалы жерлердің арқасында мал басын көбейтуден қорықпаймыз. Бұған дейін біз шөп жеткіліксіз болуы мүмкін деп қорыққан едік. Бұл мемлекет тарапынан үлкен көмек. Қазір бізде 600 бас мал бар, оның ішінде асыл тұқымды сиырлар мен жылқылар бар. Енді жайылымдар мен суармалы жерлерді ескере отырып, біз 4 есе көп мал ұстай аламыз, - деп атап өтті Әсет Тілеуов. 

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі "Терісаққан 2017" ЖШС-да болып, онда 6000 бас ұсақ малға арналған "Кең жайлау" инвестициялық жобасының іске асырылуымен танысты. 

Аталған шаруа қожалығы дәнді дақылдарды егу кезінде жоғары сапалы тұқымдар пайдаланылатын және зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу тұрақты жүргізілетін ауданның үлгілі шаруашылықтарының бірі болып табылады. 

Биыл шаруашылық егіншіліктен басқа мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдады. Бүгінгі таңда 500 бас асыл тұқымды ұсақ мал сатып алынды. Қойларға арналған төрт қашаның, сондай-ақ шопандарға арналған екі пәтерлі үйдің құрылысы жалғасуда. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі - 70 миллион теңге. 

Шаруалардың тілектері мен өтініштерін тыңдаған облыс әкімі Қобда ауданының басшылығына ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асырылуын, сондай-ақ ағымдағы жылы жем-шөп дайындауға субсидиялардың уақытылы төленуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы