Мемлекеттік кірстер комитеті жалған хабарламалар туралы ескертеді

Кеше, 14:02
206
Бөлісу:
Мемлекеттік кірстер комитеті  жалған хабарламалар туралы ескертеді
PHOTO
Фото: Мемлекеттік кірстер комитеті

Бүгінгі күні салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына және әлеуметтік желілерге "банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту" деген тақырыппен интернет-алаяқтарымен хабарламалар жіберу жағдайлары жалғастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

МКК қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін ескертеды. ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.

МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және "E-salyq" мобильді қосымшаларына жібереді.

Мемлекеттік кірстер комитеті  жалған хабарламалар туралы ескертеді

Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.

Осыған байланысты, МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды.

Өзгелердің жаңалығы