Мемлекеттік кірістер комитеті "Salyq кэшбэк" пилоттық жобасын іске қосты

17 Қазан 2024, 11:53
358
Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер комитеті "Salyq кэшбэк" пилоттық жобасын іске қосты
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 15 тамыздан бастап бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомаларын төлеу бойынша «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын іске асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаны іске асырудың негізгі мақсаттарының бірі азаматтарды фискалдық чектерді алу талабы үшін ынталандыру арқылы кәсіпкерлердің (микро және шағын бизнес) кассалық тәртібін сақтау деңгейін арттыру болып табылады.

Осыған байланысты пилоттық жобаны іске асыру үшін өңірлерді таңдау тиісті талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылды.

Мәселен, кассалық тәртіпті сақтау бойынша ең үздік көрсеткіштер Алматы, Астана қалаларында және Қарағанды облысында байқалады.

Осы көрсеткіштердің төмен деңгейі Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Абай облыстарында.

Абай облысының Семей қаласында пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап чектер беру бөлігінде оң динамика байқалатынын атап өту маңызды (183%). 

Қала тұрғындары 6,9 млн теңге сомасында кэшбэк алды.

Бүгінгі таңда пилоттық жобаны басқа өңірлерде іске асыру мәселесі қарастырылуда.

Пилоттық жоба туралы толық ақпарат келесі сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/818468?lang=ru#:~:text

Өзгелердің жаңалығы