Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттiк кеңесшісі: Бір кезеңді екінші кезеңге қарсы қоймау керек

11 Шілде 2025, 19:50
701
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Тарих ғылымы үнемі дамып отырады. Жаңа деректер, тың тәсілдер пайда болады. Осы ретте тарихқа қатысты бірнеше мәселені мұқият қаперде ұстауымыз керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарих, ең алдымен, ғы­лымға негізделіп жазылуға тиіс. Қандай да бір мифті жоққа шығарамыз, онымен кү­ресеміз деп екінші бір мифологияға жол бермеуіміз керек. Ашығын айтсақ, кейбір адамдар жекелеген оқиғаларды, үрдістерді, тұлғаларды тым әсірелеуге құмар. Соның кесірінен дау-дамай туындайды. Бәзбіреулер болмаған оқиғаны болды деп ойдан шығарып, рас­талмағанды ақиқат деп жатады. Ұлт мүд­десін емес, ата-бабасын дәріптеуге ұм­ты­латындар бар. Тарихи шығармаларға сеніп, оны шындық ретінде көретіндер де та­былады. Бірақ тарих дегеніміз – көркем туын­ды емес. Сондықтан мұндай келеңсіз жайт­тарға бүкіл қоғам болып тосқауыл қоюымыз керек, - дейді ол.

Оның айтуынша, тарих объективті көз­қарас­пен жазылуға тиіс. 

Бір тұлғаның рөлін арттыру үшін екінші бір тұлғаны сынау дұрыс емес. Тіпті түрлі заманның қайраткерлерін салыстырып, сынап-мінеудің өзі орынсыз. Тұлғаларымыз өзінің саяси ұстанымына, көзқарасына сәйкес ел мүддесіне қызмет етті, өз миссиясын орындады. Сонымен қатар бір кезеңді екінші кезеңге қарсы қоймау керек. Әрине, әр заманның өз ерекшелігі бар. Тарихи оқиғаларға әрқилы ахуал әсер етеді. Замандарды бір-біріне қарсы қойып, салыстыру салдарынан ел ішінде қарама-қайшылық туындайды, қоғамның береке-бірлігі бұзылады, - деп түйіндеді Қарин.

Өзгелердің жаңалығы