Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссарымен кездесті

13 Қыркүйек 2022, 13:07
835
Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссарымен кездесті

Ерлан Қарин Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға келген ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссары Қайрат Әбдірахмановпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Тараптар қазіргі және келешектегі ынтымақтастық мәселелерін, ұлтаралық келісімді нығайту жайын талқылады.

Кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы да сөз болды. Мемлекеттік кеңесші Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолында атқарылып жатқан саяси бағдарламалар туралы мәлімет берді.

Өз кезегінде, Қайрат Әбдірахманов полиэтникалық Қазақстанның халықтар бірлігін нығайтудағы және бірегей интеграциялық саясат жүргізудегі құнды тәжірибесін атап өтіп,  өзі басшылық жасайтын ұйымның біздің елімізбен гуманитарлық бағыттағы байланысын кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайындағы диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.

 

Өзгелердің жаңалығы