Мемлекеттік еңбек инспекторлары 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

14 Мамыр 2024, 21:29
420
Бөлісу:
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 126 кәсіпорны 9,7 мың жұмыскерге 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 3,2 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 123 ұйғарым берілді және 14 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 7,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 696,6 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 366 тексеру жүргізді, оның барысында 3 199 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 437; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 720; халықты жұмыспен қамту бойынша – 86.

Жұмыс берушілерге 1409 ұйғарым беріліп, 177,8 млн теңге сомасына 1780 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 12,5 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы