Тоқаев Қаржы министріне мемлекеттік бюджетке түсімді көбейтуді тапсырды

19 Сәуір 2019, 18:13
2067
Бөлісу:
Тоқаев Қаржы министріне мемлекеттік бюджетке түсімді көбейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер; бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыруды тапсырды.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.  


Өзгелердің жаңалығы