Мемлекеттік бюджет: қорғаныс саласына бөлінетін қаражат 38,9%-ға өсті

14 Қыркүйек 2022, 19:59
1326
Бөлісу:
Мемлекеттік бюджет: қорғаныс саласына бөлінетін қаражат 38,9%-ға өсті

2022 жылдың алғашқы жартысында шоғырландырылған мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өткен жылмен салыстырғанда 19.5%-ға өсіп, 9.7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шығыстың негізгі бөлігін әдеттегідей институционалды (білім алу, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік) және өндірістік емес шығындар (әлеуметтік көмек, қорғаныс, борышқа қызмет көрсету, трансферттер) құрайды. Солардың ішінде ең қомақты қаржы қорғаныс саласына бөлінді. Биыл оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +38,9%-ға өсіп, 0.49 трлн теңгені құрады, - деді Jusan analytics талдаушысы Клара Сейдахметова.

 Өткен жылы бұл сома 0.35 трлн теңге болған еді. 

Екінші және үшінші орындарда өнеркәсіп пен көлік және коммуникация салалары. Оларға бөлінген қаражат өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда сәйкесінше 0.43 (+33.0%) және 0.36 (+32.4%) трлн теңгеге ұлғайды.      

Жергілікті бюджеттің шығыстары 24.3%-ға өсіп, 4.5 трлн теңгені құрады. Шығыстардың ең көп өскені Алматы облысында (+38.2%), Алматыда (+33.4%) және Елордада (+32.7%) тіркелді. Ал шығыстардың ең аз өскені Маңғыстау (7.7%) мен Атырау облыстарында (12.2%) байқалды. 

Айта кетелік, қазіргі қолданыстағы барлық мемлекеттік бағдарламалар бюджеттің шығыстық бөлігін одан әрі өсіре беретіндігі белгілі. Ал бюджет қаражатының қаншалықты тиімді үлестіріліп, тиімді жұмсалып жатқандығы сұрақтар туғызады.

Қазіргі уақытта ел үкіметі 11 мемлекеттік бағдарламаны, 9 ұлттық жобаны және жеңілдікпен кредит беру бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Бағдарламалардың көбісін 2025 жылға дейін жүзеге асыру көзделген. Бұл бюджеттің шығыстық бөлігіне айтарлықтай ауырлық түсіретіні сөзсіз - деді Jusan analytics талдаушысы.  

Айта кетелік, мемлекеттік бағдарламаларды жалпы қаржыландыру бағасы 29.0 трлн теңгені, а ұлттық жобалар – 55.3 трлн теңгені құрайды. Негізгі қаржы көздері әрине, республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттар болып қала бермек. 

Өзгелердің жаңалығы