Мемлекеттік басқару академиясында қанша адам білім алып жатқаны белгілі болды

4 Наурыз 2022, 11:41
1721
Бөлісу:
Мемлекеттік басқару академиясында қанша адам білім алып жатқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталған білім ордасында магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша 283 адам білім алуда. 

Оның ішінде, 246-ы – магистрант және 37-сі – докторанттар. 2021 жылы Академияда 144 магистрант оқуын аяқтады Атап айтар болсақ, «Мемлекеттік саясат» - 27, «Өңірлік даму» - 22, «Экономика» - 16, «Адами ресурстарды басқару» - 13, «Өңірлік даму» - 12 (өндірістен қол үзбей), «Халықаралық қатынастар» - 19, «Мемлекеттік менеджмент» - 8, «Мемлекеттік басқару» - 15, «Мемлекеттік менеджмент» - 12 (өндірістен қол үзбей) бағдарламалары бойынша білім алды. Олардың арасында: 6 - Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, Қырғызстаннан келген шетелдік мемлекеттік қызметшілер) және конкурс нәтижелері бойынша 167 білім алушы оқуға қабылданды, - деп атап өтті академия басшысы. 

Сонымен қатар ол мемлекеттік тапсырыс бойынша қанша адамға білім алуға мүмкіндік берілгеніне тоқталды. 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға 120 адам, докторантураға - 12 адам. Қазіргі уақытта Астана хабының есебінен 10 адам, ХЗҚ есебінен – 10 адам, ақылы негізде – 25 адам білім алуда, - деді Ерлан Әбіл. 

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл мемлекеттік қызметшілерді дайындауға қанша грант бөлінгені туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы