Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды

Бүгiн, 10:50
150
Бөлісу:
Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды
Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды.

Оның орнына Мемлекет басшысының өкімдерімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы