Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы аналарға арнайы коучинг-сессиялар ұйымдастырды. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады.
Академия өзінің 25 жылдық мерейтойында ардагерлерді, көпбалалы отбасыларды, белгілі бір қажеттіліктері бар адамдарды және жастарды қолдауға бағытталған 25 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады. Осындай жарқын әлеуметтік жобалардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласында және Академияның өңірлік филиалдарында 25 көпбалалы анаға кәсіби 25 коуч бір сәттік коучинг өткізді.
Коучинг – бұл адамның қиындықтарды жеңуге, қалаған мақсатқа жетуіне көмектесетін және ол үшін ең жақсы болатын шешімдер, жолдар, қадамдар табуға көмектесетін технология. Аналарға арналған коучинг-сессия 30-60 минутқа созылды. Сессия кезінде коучтар аналармен диалог құрып, оны тыңдап, нақтылап, сұрап, байқап, ой жинақтап, елестетуді ұсынды.
Коуч – бұл психолог емес, «дұрыс сұрақтар» қою арқылы клиентке жаңа мүмкіндіктерді, оның міндеттерін шешу үшін ең жақсы нұсқаларды табуға, әрекет етуге шабыттандыруға, нақты жоспарды белгілеуге, қалағанды іске асыру қадамдарын көрсетуге көмектесетін оқытылған маман екенін айта кеткен жөн.
Қатысушы-аналармен коучинг дәл осылай өтті. Нәтиже күткеннен де асып түсті. Көптеген ана сессиядан кейін алға мақсаттар қойып қана қоймай, сонымен қатар қорқынышсыз, сенімді әрі қарай әрекет ету және бұл үшін не істеу керек екені жайында ой қалыптасқанын айтып өтті.
«Күш-қуатым арта түскендей, барлығын жасап, оларды аяғына дейін сәтті жеткізгім келеді».
«Бұған дейінгі басымдағы барлық күйбең проблемалар реттеліп, жүзеге аспай қалады-ау деген қорқыныштан арылдым».
«Көп мәселелерді нақты әрекеттер жоспарын жасап, оның шешілу жолдарын ойластырып шешуге болады. Барлығы да өз қолымда!», - деген пікірлерімен бөлісті аналар.
Коучтар мен аналар телефон нөмірлерімен алмасып, сұрақтар туындаған жағдайда одан әрі кеңес беру туралы келісті.
Ата-аналар коучингте жұмыс істеп жатқанда, кішкентай балалары аниматорлармен ойнап, көңіл көтерді, ал олардың үлкен балалары ағылшын тілінен тестілеуден өтті, оның қорытындысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясында ақысыз негізде ағылшын тілінен 25 сабақ өтуге мүмкіндік алған 15 бала іріктелді. Тәжірибелі лингвист-сарапшылар біздің кішкентай балапандарымызға арнайы ойын түрінде 5 апталық оқу бағдарламасын әзірледі. Балаларға арналған оқу бағдарламасын іске асыру барысында ана тілінде және ағылшын тілінде дыбыстандырылған түрлі-түсті иллюстрациялар мен түрлі оқу роликтері пайдаланылады.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов академияның ең жарқын және пайдалы әлеуметтік жобаларының бірі болған осы қайырымдылық акциясы өз жалғасын табатынын атап өтті.
«Бүгін ұмытылмас, әсерлі күн болды! Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Білім мен қуаныш сыйлаймыз! Барлық қазақстандықтарды, әріптестерімізді біздің әлеуметтік жобаларымызға және осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырамыз. Біз бұл жұмыстың бүкіл республикада жүзеге асырылып, тұрақты түрде өтсе екенін дейміз, мемлекеттік қызметшілерді коучинг форматында қарым-қатынас жасауға шақырамыз, ал біз олардың оқу бағдарламаларына коучингті енгізу арқылы оларға көмектесеміз», - деп түйіндеді ректор.