Мемлекеттік аудит аграрлық компанияларға кредит беру кезінде заң бұзушылықты анықтаған

14 Қараша 2024, 12:50
233
Бөлісу:
Мемлекеттік аудит аграрлық компанияларға кредит беру кезінде заң бұзушылықты анықтаған

Абай облысының аграрлық компаниялары Жоғары аудиторлық палатасының араласуынан кейін екі ірі мемлекеттік кредит бойынша кепілмен қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде биыл мамырда өткен аудит барысында ауыл шаруашылығы жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия екі қарыз алушыға («Қалиханұлы» ш/қ және «Өрнек» ЖШС) жалпы сомасы 2 млрд теңгеге кепілдік болмағанына қарамастан кредит беру туралы шешім қабылдағаны анықталды.

Жоғары аудиторлық палата биыл 14 қазанға дейін орын алған бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Нәтижесінде «Семей» ӘКК» АҚ аталған кәсіпорындармен 2,6 млрд теңгеден астам сомаға кепіл шарттарын жасасты. Кепіл ретінде көлік құралдары, жабдықтар және басқа да мүлік қабылданды.

Осылайша, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы орындалып, бақылаудан алынды. 

Өзгелердің жаңалығы