Алматы,BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік архив ұжымы 1 күндік жалақысын, ал директоры 1 айлық жалақысын мемлекетке аударады. Бұл туралы архивтің директоры Сәбит Шілдебай facebook-тегі парақшасына жазды.
Мен, ҚР ОМА директоры ретінде 7 қаңтар күні 1 күндік жалақымызды жаппай тәртіпсіздіктер кезінде келген шығынды жабу үшін мемлекетке аудару жөнінде ұжымға үндеу тастадым. Аз жалақы алатын архивистер бір кісідей қолдау білдірді. Ал мен өзімнің бір айлық жалақымды түгелдей аудару жөнінде шешім қабылдадым. Біз бұл шешіміміз жөнінде 08 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті басшылығына хабарладық,-деп жазды С. Шілдебай.