Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев еліміз Президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне орай өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенге және су ресурстарын үнемді пайдалануға және фермерлерге жан-жақты қолдау көрсету баса назар аударды.
Президент сөзінде «Негізгі проблема - қажетті қаржының жеткіліксіз бөлінуі. Сондай-ақ, инвестиция тапшылығы бар, бұл техниканың тозуына, егіннің жоғалуына және өнімнің болмауына әкеледі. Сондықтан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаражат екі есеге ұлғайтылуы тиіс. Көктемгі-далалық және күзгі жұмыстарға, сондай-ақ инвестицияланған жобаларға және лизинг беруге кредиттерді ұлғайту қажет. Есептеулерге сәйкес, бұл шаралар ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін екі есеге арттыруға ықпал етеді» деп айтып өтті.
Өңіріміздің даму болашағы жалпы мемлекетіміздің өркендеуі мен қауіпсіздігіне зор ықпал етеді. Осы бағытта Парламент Сенатының депутаттары ауқымды жұмыс атқарып келеді.
Алматы мен Жетісу өңірлерінің су жүйесі мәселесімен Үкіметке бірқатар депутаттық сауалдар да жолданды. Нақты айтатын болсақ, Алматы мен Жетісу облыстарында су қоймасын салу қажет. Балқаш ауданындағы Тасмұрын магистральдік каналының бойын шөгінділер мен су өсімдіктерінен, бұталардан тазарту керек. Бұл егістікті қажетті тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бастысы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға жол ашады, - деді ол.
Ол Үкіметпен әзірленген жаңа Су кодексінің жобасы аясында талдау жоспарланып отырғанын айтты.
Президент өткен жылы Жамбыл облысының фермерлері су тапшылығынан қатты зардап шеккенін, сонымен қатар, биылғы жылы да құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті. Түркістан және Қызылорда облыстарында су тапшылығы ерекше жоғары екенін де ескерді. Осы орайда, Республикасы Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Агралық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитеті ақпан айына «Су ресурстары: тұрақты сумен қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбында Қызылорда облысына көшпелі отырыс өткізеді. Іс-шарада өңірдегі су мәселесінің жүйелі проблемаларын, суармалы жерлердің жай-күйі, суару жүйелерін қалпына келтіру және қайта жаңғырту мәселелерін Үкіметпен әзірленген жаңа Су кодексінің жобасы аясында талдау жоспарланып отыр, - деді депутат.
Су ресурстарына сұраныстың өсуі - басқару мен пайдалану шараларының тиімсіздігінен туындап отыр, суды ортақ басқару тәжірибесін ұсыну қажет. Бұл тараптардың мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді және бассейннің барлық параметрі бойынша пайда мен тәуекелдерді бөлісуді қамтиды.
Президент айтып өткендей, мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын «бір терезе» қағидаты бойынша ұсыну қажет, салалық қаржы институттарының қызметтерін біріктірген жөн. Сондай-ақ, Үкімет отырысында аграрлық-кредиттік корпорацияның әлеуетін күшейту және оған ауыл шаруашылығын субсидиялау жөніндегі әкімдіктердің функцияларын беру қажеттігі орынды айтылған идея. Ол үшін бір цифрлық платформа шеңберінде АӨК субъектілерін жеңілдетілген Кредиттеу және субсидиялау қызметтерін біріктіру қажет. Осы бағытта, ұлттық мүдделерді қорғау жұмыс жүргізілуі және ең алдымен Қазақстан мемлекетіне тиімді мәселелерді шешуіміз қажет. Сондықтан, су мәселесін Орталық Азия мемлекеттері арасында басым бағыт ретінде көтеретін уақыт келді деп ойлаймын. Сонымен қатар, Орталық Азияда гидрология және оның мониторингі толық зерттелмеген, сонымен қоса, ғылыми зерттеулер, социологиялық сауалнамалар жүргізілмеген. Бұл шешімін бірлесіп табатын мәселеге айналды, - деді ол.