Мемлекетке 80 млн теңге шығын келтірген браконьерлер сотталды

Олардың көлігінен 30-дан астам киік еті, 5 киік басы шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив 14 Қаңтар 2025 2025, 09:24
14 Қаңтар 2025 2025, 09:24
641
Фото: - архив

Олардың көлігінен 30-дан астам киік еті, 5 киік басы шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Қызылорда облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі адамға қатысы қылмыстық іс қозғады. 

Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға соттады.

Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.

Наверх