Мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемі 2 есеге ұлғаяды – Мамин

12 Ақпан 2021, 12:06
1967
Бөлісу:
Мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемі 2 есеге ұлғаяды – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Құқық қорғау және сот жүйелерін одан әрі жаңғырту жөнінде шаралар қабылданады. 2021 жылы азаматтардың құқық қорғау органдарымен жедел өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін мобильді қосымша мен чат-боттар әзірленіп, енгізіледі. Бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданатын болады, - деді Асқар Мамин. 

Ол атағандай, 2023 жылы полиция және прокуратура органдарында жұмыстың «сервистік» моделі енгізілетін болады.

2024 жылға қарай мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көлемі 2 есе ұлғаяды. Құқық қорғау органдарының өкілеттіктері нақты бөлінетін болады.

«Полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидасын енгізу мақсатында жергілікті полиция қызметінің жұмысында 2021-2025 жылдар кезеңінде 176 модульдік стационарлық бекеттер және 390 учаскелік полиция пункттері салынады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2021 жылы 17 қалада, ал 2025 жылға дейін 69 моноқалада бақылау жүйелері енгізіледі, - деді Мамин.

Айта кетейік,  Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқлыланып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы