Мемлекет, кәсіподақ, жұмыс беруші арасында тепе-теңдік жоқ – Байменов

14 Қыркүйек 2023, 12:27
819
Бөлісу:
Мемлекет, кәсіподақ, жұмыс беруші арасында тепе-теңдік жоқ – Байменов
Фото: Диана Ким/Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы

Тепе-теңдікті қалпына келтіру – еңбекті қорғау бағытындағы саясатта өте маңызды бағыт. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің және HR қауымдастығының жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Байменов Астанада өтіп жатқан HR форумда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы жиырма жылда мемлекет, кәсіподақ, жұмыс беруші арасындағы үшбұрыш тепе-теңдігінен айрылып қалды. Бұл сіздерге белгілі, себебі көпшілігіңіз ұжымдық келісімшарт жасалғанда әкімшілік атынан оны дайындауға қатысасыздар, – деді Байменов.

Ол осы тепе-теңдікті қалпына келтіру еңбекті қорғау бағытындағы саясатта өте маңызды бағыт екенін атады.

Егер дұрыс әріптестік қалыптасса, кәсіподақтар сіздердің табиғи әріптестеріңіз болады. Өйткені олардың да мүддесі – адам ресурстарын дамыту. Олар ұжымдағы ахуалдың тұрақты, қолайлы болуын қамтамасыз ете алады. Ал егер кәсіподақтар әлсіз болса, онда тепе-теңдік бұзылып, келіссөзде шешілмеген мәселелер көшеге шығып, әр жерде наразылықтар, ереуілдер орын алып, тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін, – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолдауымен ұйымдастырған «HUMAN CAPITAL FORUM-2023/ Интеграция жалғасуда» форумына Орталық Азия мен ТМД елдерінің танымал бизнес көшбасшылары, басқа елдердің сарапшылары мен HR мамандар қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы