Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті

5 Мамыр 2022, 18:52
1318
Бөлісу:
Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентінің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Жиын Алматы агломерациясын дамыту мәселесінен басталды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баяндама жасады. Сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайылов,  Президенттің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти және Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов өздерінің ұсыныстарын айтты.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті

Су шаруашылығы саласын дамытуға қатысты екінші мәселе бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов сөз сөйледі.

Министрдің баяндамасын тыңдаған Мемлекет басшысы Орталық Азия өңірінде су мәселесі қашанда өте өзекті болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір бұл саладағы жағдай күрт нашарлап, тіпті, жаһандық мәселеге айналып отыр.

Колумбия климаттық мектебіне қарасты Жер институтының зерттеуі бойынша Тянь-Шань тауларында жауын-шашынның азаю қаупі бар.  Ал бұл суармалы егістіктер мен жайылымдарға қажетті тұщы судың тапшылығын тудырады деген сөз. Тау басындағы жыл бойы жататын қардың көлемі азайып барады. Ғалымдар алдағы жиырма жылда қар бұдан да тез еруі мүмкін деген болжам жасап отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сыртқы су ағынының азаюы суды тиімсіз пайдаланудың салдарынан ушыға түсуде. Оның пікірінше, су ресурстары жағдайына мемлекеттік мониторинг жүргізу ісін күшейту қажет. 

Ағын сулардың режимі мен су қоймаларын зерттеу үшін 800 гидрологиялық бекет қажет болса, соның 310-ы ғана жұмыс істеп тұр. Толыққанды мемлекеттік су кадастры жоқ. Бұл су ресурстарының мөлшері мен сапасына мониторинг жасауға және экономиканың салаларын сумен қамтамасыз ету жөніндегі нақты теңгерімге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, – деп Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев суды пайдалану саласындағы ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды. Мемлекет басшысы су шаруашылығы инфрақұрылымын түрлі мемлекеттік органдар басқаратынын атап өтіп, соның салдарынан су ресурстарына қатысты тиімді саясат жүргізілмей отырғанын айтты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары жанынан 2015 жылы құрылған  Су кеңесінің отырысы бір-ақ рет өткен. Алайда бұл кеңес пікір алмасатын мәжіліс органы ғана емес, өзінің тиімділігін көрсетіп, шешім қабылдауы керек. Қазіргі мәселелерге баса мән беру сектордағы жағдайды қалпына келтіру үшін жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік бермей отыр. Трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша Қазақстанның келіссөз жүргізудегі ұстанымы әлсіз болуы осыған байланысты. Ішкі су саясаты мықты болмаса, көрші елдермен тиісті су дипломатиясын құру мүмкін емес, – деді Президент.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті

«Жаңа экономикалық саясат» мәселесі бойынша Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти баяндама жасады.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер жүргізіліп отырған экономикалық саясатты толығымен қайта зерделеуді талап етеді.

Біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін өзгертеміз. Мәселенің мәні осында. Сондықтан жобада жалпы бағыттар мен ұрандардың ғана көрсетілгені емес, сондай-ақ нақты бағыттар, жаңа әдістердің жобасы берілгені де өте маңызды. Сонымен қатар пысықтауды қажет ететін бірнеше мәселе бар. Бірінші, менің ойымша, құжатты нақтылай түсу қажет. Мысалы, әрбір бағыт бойынша іске асырылуға тиіс экономикалық реформалар тізімінің үлгісі және олардың міндеттері мен мақсаттары көрсетілуі керек. Сондай-ақ жобада технологиялық жаңғыру және инновацияларды енгізу тәсілдері нақтыланбаған. Жаңа жағдайда инновациялық саясат қандай болуға тиіс? Өкінішке қарай, бұл мәселеде нақты ұстаным жоқ. Екіншіден, құжат аясында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингінің рөлін анықтау қажет. Бұлар экономика үшін де, мемлекеттік саясат үшін де өте маңызды субъектілер. Сондықтан олардың жұмысын дұрыс жүргізу арқылы бүкіл экономикалық саясаттың тиімділігін анықтауға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жалпы ұсынылған тәсілдерді мақұлдады және бүгінгі талқылаудың нәтижелерін ескере отырып, құжатты пысықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы