Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті</h4>

 24 Шілде 2019 2019, 14:11
24 Шілде 2019 2019, 14:11
1992

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

"Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.

Наверх