Мемлекет басшысы Үндістан халқын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорданың баспасөз қызметі 15 Тамыз 2025 2025, 16:03
15 Тамыз 2025 2025, 16:03
721
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Наверх