Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

4 Наурыз 2022, 19:55
1411
Бөлісу:
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті. 

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Өзгелердің жаңалығы