Мемлекет басшысы Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

6 Ақпан 2023, 16:05
1016
Бөлісу:
Мемлекет басшысы  Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда ресми сайты мәлімдейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы