Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді

27 Қыркүйек 2024, 14:00
853
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді
PHOTO
Фото: Ақорда

Заманауи үлгіде жабдықталған кешенде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нысанда Италия, Канада, Германия, Финляндия елдерінде шығарылған қондырғылар орнатылған. Арнайы технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді

Сол арқылы мұз айдынында бір мезгілде бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұз сарайын аралап көріп, балалардың өнерін тамашалады.

Сондай-ақ бапкерлермен және спортшылармен кездесті.Президент отандық спортшыларды әрдайым қолдайтынын, жетістіктерін бақылап отыратынын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді

Жергілікті «Turan Tigers» хоккей клубының спортшылары Мемлекет басшысына команданың жейдесін сыйға тартты.

Жалпы, Түркістанды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай облыс орталығында «Түркістан-арена» стадионы, көпбейінді «Олимпик» орталығы және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, «Тұран» футбол академиясының ғимараты бой көтерген.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді

Сонымен қатар 7 теннис корты салынып, жалпы ұзындығы 51 шақырым веложол төселген.

Өзгелердің жаңалығы