Мемлекет басшысы тігін фабрикасын аралап көрді

Президент Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 27 Қыркүйек 2024 2024, 19:20
27 Қыркүйек 2024 2024, 19:20
1138
Фото: Ақорда

Президент Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрикада киім-кешек, төсек жабдықтары және арнайы киім түрлері шығарылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді.

Келешекте өнім түрлерін көбейтіп, тігіншілер санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланған.

Қажетті шикізат көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен жеткізіледі. Мемлекет басшысы тігін цехын аралап көріп, өнім үлгілерімен танысты.

Наверх