Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты

14 Ақпан 2023, 19:20
804
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты
PHOTO
Фото: Ақорда

Президентке «Степногорск жылу электр орталығы» ЖШС-нің техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылыту маусымының барысы жөнінде  мәлімет берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылу энергетика нысанының бірінші кезеңі 1966 жылы пайдалануға берілген, ал жаңа өндірістік қуатын іске қосу 1989 жылға дейін жалғасқан.

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір бойынша Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының орташа тозу деңгейі 50 пайызға жеткен. 9 жылу көзінің пайдаланылып келе жатқанына 50 жылдан асқан, ал 637 қазандықтың  іске қосылғанына 25 жылға жуықтаған.  Степногорск қаласындағы жылу желілерінің 82 пайызы тозған. Ақмола облысында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін барлық жылу желісіне және қазандық жабдықтарына техникалық тексеру жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты

Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған Президент Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесінің шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. 

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты

 Роман Васильевич, Сіз әкімдікпен бірге отырып, осы мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеуіңіз керек. Бұл жағдайда бәрінің де – иелерінің де, әкімдіктің те, оператордың  да тығырыққа тірелгені байқалады. Аталған мәселелерді дәл қазір асығыс шешпеуіміз керек. Сіз маған баяндадым деп есептеңіз. Енді осы мәселені шешумен айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысына қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді. Облыс әкімі Үкіметпен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. ЖЭО-ның қуаттылығын сағатына 520Гкал жылу мен 240MBт электр энергиясын өндіретін деңгейге дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы