Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16 Сәуір 2024, 11:25
752
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
PHOTO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.

Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Өзгелердің жаңалығы