Мемлекет басшысы Санкт-Петербургке барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 16 Маусым 2022 2022, 23:15
16 Маусым 2022 2022, 23:15
1615

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ертең түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді. 

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Наверх