Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті

12 Қараша 2024, 18:30
223
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті
Фото: Ақорда

Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар саяси және сауда-экономика салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың даму перспективасын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Мемлекет басшысы Руандамен берік әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Президент Поль Кагаме еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы