Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өзара түсіністікке шақырды

29 Сәуір 2022, 12:54
2145
Бөлісу:
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өзара түсіністікке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бір-бірін түсінуге шақырды.

Заң, әділдік және тәртіп біздің бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады. Біз көзқарасымыз мен наным-сеніміміз әртүрлі болғанына қарамастан, бір-бірімізді қабылдап, түсінуіміз керек. Түйісу нүктелерін іздеп, бізді біріктіретін дүниелерді нығайтуымыз қажет. Біздегі “түрлі көзқарас, бірақ бір ұлт" қағидаты ешқашан өзгермейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында.

Президент достық пен бірлікті сақтауға, дұшпандық пен арсыздыққа жол бермеуге шақырды.

Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз!, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы