Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

26 Ақпан 2022, 16:12
1730
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы