Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

22 Тамыз 2022, 13:20
1473
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы