Мемлекет басшысы Қатардың бітімгерлік рөліне жоғары баға берді

14 Ақпан 2024, 21:36
462
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қатардың бітімгерлік рөліне жоғары баға берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қатардың бітімгерлік рөліне және әлемдегі көптеген жанжалды, соның ішіндегі Палестинадағы жағдайды реттеуді көздеген мәмілегерлік әрекеттеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зорлықтан тек зорлық туады.

Мұның салдары Таяу Шығысқа да, басқа елдерге де ауыр тиеді. Сондықтан қақтығысты одан әрі ушықтырмау үшін жоғары деңгейдегі дипломатия қажет. Жағдайды ымыраласуға қарай бейімдеп, екі мемлекеттің қатар өмір сүру мүмкіндігін қарастыратын шешім табу үшін барлық мүдделі тараптар, соның ішінде өңірлік серіктестер мен әлемдік көшбасшылар айрықша күш-жігер жұмсауы керек. Бұл ретте Қатардың дамылсыз әрекеттерін, әсіресе, оның дағдарысты реттеуге және өшпенділікті, зорлық-зомбылықты, қантөгіс пен қайғы-қасіретті тоқтатып, маңызды бітімгерлік процесті ілгерілетуге бағытталған белсенді дипломатиясын тағы да құптаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы