Мемлекет басшысы Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 15 Қараша 2025 2025, 09:00
15 Қараша 2025 2025, 09:00
649
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент жеделхатында Қазақстан Палестинаны араб әлеміндегі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын әрі аталған елді нығайтуға және жарқын болашаққа негіз болатын халықаралық бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Палестина халқына бақ-береке тіледі.

Наверх