Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

 ©BAQ.KZ архиві 6 Ақпан 2026, 20:39
6 Ақпан 2026, 20:39
892
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты. 

Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. 

Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапқаны хабарланды. 

Наверх