Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

17 Тамыз 2025, 15:14
475
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін Пәкістандағы су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапқанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы