Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы бұл уағдаластықтың Таяу Шығыстағы және әлемдегі ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды екенін айтты.

 Ақорда Бүгiн 2026, 21:04
Бүгiн 2026, 21:04
200
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифн АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуына ықпал еткен дипломатиялық күш-жігерінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады.

Президент Пәкістанның аталған келісімге қол жеткізудегі конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығы мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл уағдаластықтың Таяу Шығыстағы және әлемдегі ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтың өңірлік қауіпсіздік пен мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайтуға қосатын үлесі алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Президент Қазақстанның Пәкістанмен көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін растап, Премьер-министрдің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Наверх