Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады

5 Тамыз 2025, 21:09
431
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған үшінші конференциясына қатысушы делегация басшыларымен бірге Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады

Қазақстан павильоны ұлттық нақышта безендіріліп, қонақжайлық пен ырыс-берекенің символына айналған дәстүрлі киіз үй тігілді. Көрмеге келушілер қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүріне қанығып, арнайы дайындалған театрландырылған қойылымды тамашалады.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады

Сонымен қатар, павильонда Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің тарихи-мәдени мұрасы да кеңінен таныстырылды. Қатысушылар бұл мемлекеттердің ұлттық киімдері, қолданбалы өнері мен рухани қазыналары туралы мол мағлұмат алды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады

Орталық Азия павильоны аймақ елдерінің мәдени әртүрлілігі мен бірегейлігін, сонымен бірге өзара ынтымақтастық пен достықты паш ететін алаңға айналды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады
Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады
Өзгелердің жаңалығы