Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа сөгіс жариялау туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынымы негізінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылауды әлсіреткені, соның салдарынан Арыс қаласында әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына жол берілгені үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.